4 айда автожол салудағы күрделі инвестиция 39 млрд теңгеге жетті

1199

Инвестицияның жартысынан астамы бір өңірге тиесілі.

4 айда автожол салудағы күрделі инвестиция 39 млрд теңгеге жетті

Жыл басынан бері Қазақстандағы автожолдың ұзындығы 95,8 мың шақырым болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,1%-ға артық.

95,8 мың шақырым жолдың 38,8 мың шақырымы аудандық, 32,1 облыстық, 24,9 мың шақырым халықаралық және республикалық маңызы бар жол болып саналады.

Еліміздегі ең ұзын жол Шығыс Қазақстан облысында: 12 мың шақырым. Үздік үштікке Алматы (9,6 мың шақырым) Қостанай (9,3 мың шақырым) облыстары енді. Ең қысқа жол Маңғыстау облысында: 3 мың шақырым. 

Қолданыстағы жолдың ұзындығы Маңғыстау облысында артып, Павлодар облысында азайған.

Жолдың 48,7%-ы немесе 46,6 мың шақырым (өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға аз) төртінші санатқа, 29,2%-ы немесе 28 мың шақырым жол (бір жылда плюс 0,3%) үшінші санатқа жатқызылды. Бесінші санаттағы жолдың ұзындығы – 11,7 мың шақырым, екінші санаттағы жол – 6,3 мың шақырым, бірінші санаттағы жол – 3,1 мың шақырым.

Бірінші және екінші санаттағы қолданыстағы автожолдың басым бөлігі Алматы облысы, үшінші санаттағы жол – Қостанай облысы, төртінші санаттағы жол – Шығыс Қазақстан облысы, бесінші санаттағы жол Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Айта кетейік, жолдың көліктік-пайдалану көрсеткіштері мен тұтынушылық қасиеттері бойынша автожол төмендегі санаттарға бөлінеді:
• жолақтардың саны мен ені;
• орталық бөлу жолағының болуы;
• автомобиль және темір жолдары, трамвай, велосипед және жаяу жүргінші жолдарымен қиылысу түрі,
• бір деңгейде түйісуі бар автожолға кіру шарттары.

2021 жылғы қаңтар-сәуірде автожолдағы негізгі капиталға салынған 
инвестиция 39,4 млрд теңге болды.

Инвестицияның жартысынан астамы (52,1%) Алматы облысының үлесінде: 20,5 млрд теңге. Екінші және үшінші орында: Ақтөбе (8,8 млрд теңге) және Қарағанды (3,7 млрд теңге) облыстары.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 маусымда 4 ақылы автожол учаскесінен 2,3 млрд теңге түскен. 2020 жылы 5,7 млрд теңге жиналды. Барлық жиналған қаражат жолды күтіп ұстауға жұмсалады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу