4 гектар жерге салынған жылыжайдан алғашқы өнім алынды

1563

Отандық өнім жақын арада қала дүкендерінде сатыла бастайды.

4 гектар жерге салынған жылыжайдан алғашқы өнім алынды

Алматы облысында "ҚазАгро" Холдингі және еншілес "ҚазАгроҚаржы" компаниясының қолдауымен салынған Ecoculture Fields компаниясының жаңа жылыжайы алғашқы өнімін берді. Отандық өнім жақын арада қала дүкендерінде сатыла бастайды, деп хабарлайды 24.kz.

"Бұл жылыжайлар негізінен Ақмола облысында салынуға тиіс еді. Алайда меншік иесі іске асыра алмады. Кейін "ҚазАгро" холдингі өзінің еншілес компанияларымен бірлесіп, Алматы облысының Ақмола облысының әкімдіктерімен бірге осы жобаны бірлесіп отырып іске қосты", – "ҚазАгро" ҰБХ" басқарушы директоры Асылхан Джувашев.

4 гектар жерге жылыжай салынды. Ecoculture Fields компаниясының директоры Данияр Абдулгафаровтың айтуынша, мұнда барлық жағдай жасалған. Жылыжай тамшылатып суару жүйесін қолданады. Кешен толығымен автоматтандырылған. Сондықтан мол өнім жинауға мүмкіндік бар.

"Қазір бір шаршы метріден 60 келі қызанақ аламыз. Бұл айда бір жарым гектардан қияр алынады.  Шамамен 130 тонна қияр  және 150 тонна қызанақ шығады деген жоспар бар", – дейді жылыжай кешенін басқарушы Альберт Шефер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу