4 млн теңге алимент төлемеген Шымкент тұрғыны түрмеге қамалды

145

Бұл Республика бойынша алимент төлеу міндетін орындамаған борышкерлерге қатысты тіркеліп сотқа жолданған қылмыстық істердің 9% құрауда.

4 млн теңге алимент төлемеген Шымкент тұрғыны түрмеге қамалды Фото: halyq-uni.kz

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасында 38 борышкерге қатысты ҚК-нің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істер сотқа жолданып, борышкерлерге қатысты сот үкімдері шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы сот үкімі бойынша 4 млн теңге алимент берешегі бар борышкер ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген прокуратура хабарламасында.

Аудан прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚК-тің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу