4 мың студенттен 30-ы таңдалды

593

Самұрық-Қазына" компаниялар тобында қазақстандық ЖОО-ның 30 түлегі тағылымдамадан өтеді.

4 мың студенттен 30-ы таңдалды

Қазақстандық жоғары оқу орындарының 30 студенті "Жас Өркен" бағдарламасы аясында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобында тағылымдамадан өту мүмкіндігін алды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Жалпы 2020 жылдың 1 қаңтарынан 30 сәуірге дейін байқауға қатысуға 4000-ға жуық студент өтініш білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы қор білікті кадрларды, ең алдымен талантты жастарды іздеу және іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа кадрлық саясатты қабылдады. Кадр саясатындағы жаңа бастамаларды іске асыру қорға жақын болашақта Орталық Азиядағы бірінші жұмыс беруші болуға және ТМД кеңістігіндегі үздік 30 елдің қатарына енуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде, "Самұрық-Қазына" қорының бастамасымен қазақстандық жоғары оқу орындарының талантты түлектерін тарту және дамыту бойынша "Жас Өркен" бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ЖОО-ның 70-тен астам түлегі "Самұрық-Қазына" қорының компаниялар тобына жұмысқа орналасты. Үміткерлер қабілеттері мен әлеуетті бағалауды қамтитын 5-деңгейлі іріктеуден өтеді. Бағдарламаның басты артықшылығы сол, жастар тәлімгерлердің жетекшілігімен жедел дамуға мүмкіндік алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу