4-сынып оқушылары енді француз, неміс, ағылшын тілдерін оқиды

170

Қазақстанда 4-сыныптан бастап оқушыларға бірнеше шет тілін меңгеру мүмкіндігі беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

4-сынып оқушылары енді француз, неміс, ағылшын тілдерін оқиды Фото: gov.kz

Бұл бастама балалардың тілдік дағдыларын ерте қалыптастырып, олардың болашақтағы білім алу және кәсіби жолында қосымша артықшылыққа ие болуына жол ашады.

Жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес, бастауыш мектептің жоғары сыныптарында (3–4-сынып) ағылшын тілі міндетті пән ретінде оқытылады. Ал 4-сыныптан бастап қосымша шет тілі ретінде француз немесе неміс тілін таңдауға мүмкіндік бар.

Бұл пәндер аптасына 2 сағаттан жүргізіліп, оқушының тілдік көкжиегін кеңейтуге бағытталған.

Мамандардың пікірінше, ерте жастан бірнеше тілді қатар меңгеру баланың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, әлемдік мәдениеттерді тануға, өзге елдердегі замандастарымен еркін тілдесуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу