40 күнде 40 жүргізуші ұсталды

741

Түркістан облысында 40 күн ішінде мас халде көлік басқарған 40 жүргізуші ұсталды.

40 күнде 40 жүргізуші ұсталды

Түркістан облысында түнгі уақытта рейдке шыққан патрульдік полиция қызметкерлері 1 қаңтар мен 10 ақпан аралығында масаң күйде рөлге отырған 40 жүргізушіні ұстаған. Өткен қаңтар айында – 31 адам, ал ақпанда 9 адам ұсталған, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Ұсталған адамдардың барлығына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" бойынша хаттамалар толтырылған",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу