40 мың жер үйге су мен жарық тартылады

589

Арендалық баспананың ақысына субсидия төленуі мүмкін.

40 мың жер үйге су мен жарық тартылады

Жер үй салуға жарамды 40 мың телімге мемлекет есебінен су мен жарық, тартылып, жол төселеді. "Нұрлы жер" бағдарламасын Президент Жолдауындағы басым бағыттарға сәйкестендіру шаралары туралы ақпарат берген Вице-премьер Роман Скляр осындай жоспармен бөлісті.

"Қазір елдегі ауылдардың саны 6300-ге жетіп жығылады. Соның 3,5 мыңы келешегі бар, бизнес үшін тартымды елдімекенге жатады. Осыған байланысты, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында 40 мың жер теліміне инженерлік инфрақұрылым тартылады. Баспана мәселесін шешу мақсатында кезекте тұрған 100 мыңнан астам адам үшін "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында жеке меншік баспана қорынан арендалық төлемді субсидиялау механимзі дайындалды",  – деді Үкімет өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу