40 нысан "Ashyq" қосымшасын пилоттық режимде қолдануда

942

Қазақстандықтар қосымшаны 15 мың рет жүктеген.

40 нысан "Ashyq" қосымшасын пилоттық режимде қолдануда

Қазіргі кезде ұялы қосымша Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында пилоттық режимде іске қосылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"40 нысан "Ashyq" қосымшасын пилоттық режимде және пилоттық жобаға қатыспайтын 59 нысан ерікті түрде қолдануда. Қосымша 15 мың рет жүктелген. "Аshyq" мобильді қосымшас қауіпсіз орта қалыптастыруға, келушілерді вирус жұқтыру, індеттің таралу қаупінен қорғауға бағытталған. Сондай-ақ бизнес субъектілеріне карантиндік шектеулер кезінде қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді", – деді Ерлан Қиясов.

Вице-министрдің айтуынша "Ashyq" мобильді қосымшасы Денсаулық сақтау министрлігінің ортақ базасымен интеграциялау арқылы келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді.QR-код тек бизнес субъектілеріне беріледі. Келуші "Ashyq" мобильді қосымшасын өз телефонына жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациялаудан өтуі және мекеменің QR-кодын сканерлеуі қажет. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу