40 жылдан астам металлургия саласында еңбек еткен маманға жоғары атақ берілді

313

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай өткен жиында ел дамуы жолында айтулы үлес қосқан қазақстандықтарды марапаттады.

40 жылдан астам металлургия саласында еңбек еткен маманға жоғары атақ берілді Фото: akorda.kz

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев металлургия саласының үздігі Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановты "Еңбек Даңқымен" наградтау туралы шешім қабылдағанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ол әке ізін басып, 40 жылдан астам уақыт металлургия саласында абыройлы жұмыс істеп келе жатыр. Кәсіби шеберлігі мен еңбекке адалдығының арқасында зор табысқа жетіп, елімізді өркендетуге мол үлес қосып жүр.

Бүгінде жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, оларға өмірлік кәсібінің қыр-сырын үйретіп жүр.

Мен бүгін Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы шешім қабылдадым", – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу