"4000 шар, 1000 ту": Астанадағы дүкен Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендірілген

616

Желіде кәсіпкердің бастамасын қолдап жатқандар баршылық.

"4000 шар, 1000 ту": Астанадағы дүкен Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендірілген Фото: коллаж: inbusiness.kz

Астана қаласының кәсіпкері дүкенін Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, кәсіпкер безендіруге 4 мың шар мен 1000 ту қолданған. Оның сөзінше, бұл дүкенге келушілерге патриоттық рух беру үшін жасалған.

"Дүкендерге келгендердің барлығы да Тәуелсіздік күнін еске алып, өз ризашылығын білдіріп жатыр. Таңертеңнен бері телефон қоңыраулары тоқтамай келіп жатыр. Ол "дүкеніңіз әлеуметтік желіде танымал болып жатыр" дейді", – деді елорда тұрғыны Темірхан Әшімұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу