42,5 мың теңгені 2,2 млн-нан астам адам алды – министрлік

549

7 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша.

42,5 мың теңгені 2,2 млн-нан астам адам алды – министрлік

Шілде айындағы шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін 42500 теңге көлеміндегі көмекті алуға 2 млн 480 мың адамнан өтініш түскен.

"Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда",– деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде: 835,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта), ал 224,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген.

"1 млн 420,5 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Төлем 2 млн 249,1 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 227,1 мың қазақстандыққа аударылды",– деп жазылған хабарламада.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу