42 500 теңге алуға арналған Telegram-бот неге мерзімінен кеш қосылды

1517

Министр халықтан кешірім сұрады. 

42 500 теңге алуға арналған Telegram-бот неге мерзімінен кеш қосылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың сөзінше, алаяқтардың халықты адастыруының салдарынан 42 500 теңге алуға арналған Telegram-бот межелі мерзімінде іске қосылмады. 

"Алаяқтар фейк, жалған Telegram-бот жариялап, жұмысымызға кедергі келтірді. Дегенмен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы бірлесіп, Telegram мессенджерінде әлеуметтік төлем алу үшін өтініш беруге арналған ботты іске қосты. Қазір ол халыққа тиісінше қызмет көрсетіп жатыр. Осыған дейін келтірілген қолайсыздықтар үшін сіздерден кешірім сұраймыз",– деді Біржан Нұрымбетов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу