42 500 теңге кімдерге тағайындалмайды?

1851

70 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алмауы мүмкін. 

42 500 теңге кімдерге тағайындалмайды?

Бұл сұраққа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді. 

"Мемлекеттің бюджетінен зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек немесе сақтандыру қорынан төлем алып жүргендер 42500 теңге алмайды. Олар бейресми жұмыс істеп жүргендер қатарына жатпайды. Олар ресми жұмыс істеп жүрсе, олар үшін жұмыс беруші өтініш бере алады. Ресми жеке кәсіпкерлігі болса, жеке кәсіпкер ретінде де өтініш беруге мүмкіндігі бар. Екіншіден, Төтенше жағдай кезінде бірыңғай жиынтық төлем төлеп, миллиондаған адамдар өзінің бейресми жұмыс істегенін растады. Біз олармен хабарласып, 70 мыңға жуығын жұмыспен қамту шараларына тартқан болатынбыз. Егер де ол азаматтар қазір жұмыс істеп жатса, әрине олар бұл жолы 42500 теңгені ала алмайды", – деді Біржан Нұрымбетов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу