42 500 теңге туралы хабарлама қателіктен кеткен

1330

8 қаңтар күні таңертең 1414 номерінен 400 мыңнан астам қазақстандыққа "5 шілдеден бастап табысыңызды жоғалтқан болсаңыз, 42 500 төлемін белсенді түрде алуға келісесіз бе?" деген мазмұндағы sms-хабарлама келді.

42 500 теңге туралы хабарлама қателіктен кеткен

Төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған азаматтарға көмек ретінде берілген 42500 теңгені беру былтыр тоқтатылғаны белгілі. Бірақ аяқ астынан 42500 теңге туралы хабарламаның таралуы көптеген азаматты таңдандырғаны анық. Осыған байланысты түсінік берген  "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз хатшысы Жанар Мағзұмова жәрдемақы туралы хабарлама қателіктен жіберілгенін айтты.

"Түнде жүйелерді жаңарту бойынша қалыпты жұмыстар жүргізілді, соның салдарынан төлемдерді тағайындау туралы ескі хабарлама таралып кеткен. Байланыс операторларының 400 000 абонентіне хабарлама жолданған. Адам факторы себеп болған бұл жағдай үшін сіздерден кешірім сұраймыз", – дейді баспасөз хатшысы.

Еске сала кетсек, төтенше жағдай жарияланған 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында және карантиндік шектеу шаралары енгізілген уақытта бұл жәрдемақыны 4,6 млн адам алып, оған жұмсалған қаражаттың көлемі 476,1 млрд теңгені құраған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу