42 500 теңгеге өтініш беріп, әуре болмау керек

5648

Әлеуметтік төлем 20 шілдеден бастап тағайындалады. 

42 500 теңгеге өтініш беріп, әуре болмау керек

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді. 
Оның сөзінше, осы жолы да мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әлеуметтік төлем төлеудің операторы болады. 

"Үкімет пен Ұлттық банк бір аптада мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық мәселесін шешуге тиіс", – деді Біржан Нұрымбетов. 

Министрдің мәлімдеуінше, қордың қаржылық мәселесі шешілгенге дейін еңбек министрлігі 42 500 теңге төлеудің ережесін пысықтайды. Кейін 
мемлекеттік органдармен келісіп, ережені әділет министрлігіне ұсынады. 

"Біз ақпараттық жүйемізді, порталдарымызды ережеге сәйкестендіріп, тестілеуден өткіземіз. Жоспарға сәйкес, алдағы жұма күні порталдар өтініштерді қабылдауға дайын болады. Ал дүйсенбіден бастап, яғни 20 шілдеден төлем тағайындауға кірісеміз. Сондықтан жұмаға дейін электронды үкіметке және басқа жерлерге өтініш беріп әуре болмаңыздар!", – деді Біржан Нұрымбетов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу