42 500 теңгені екінші рет кімдер ала алады?

1134

Техникалық ақау салдарынан азаматтардың көбі өтініштерін жібере алмаған. Сондықтан уақыттарын жоғалтып, бірінші айдағы төлемнен қағылып отыр.

 42 500 теңгені екінші рет кімдер ала алады?

42500 теңгені екінші рет 16 сәуірге дейін өтініш бергендер ғана ала алады. Ол үшін қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ, деп хабарлайды Atameken Business. 

Еңбек министрлігінің таратқан мәліметі бойынша, әлеуметтік төлемнің бірінші айы 16 наурыз бен 15 сәуір аралығын қамтиды. Екінші ай төтенше жағдайдың созылуына байланысты сәуірден 11мамырға дейін деп көрсетілген.

Алайда ведомствоның мұндай тәртібіне халық наразы. Себебі, бастапқы кезде техникалық ақау салдарынан азаматтардың көбі өтініштерін жібере алмаған. Сондықтан уақыттарын жоғалтып, бірінші айдағы төлемнен қағылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу