banner

42 500 теңгені кімдер заңсыз алды?

1193

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жұмыс берушілерге "төтенше төлемді" қайтару туралы талап қояды. 

42 500 теңгені кімдер заңсыз алды?

Мәжбүрлі ақысыз демалысқа шығып қалмай, жұмысы жүріп, тұрақты жалақы алып жүргеніне қарамастан төтенше жағдай кезінде тағайындалған 42 500 теңгеге өтініш берген және оны алған адамдардың әрекеті заңсыз. Бұл – министр Біржан Нұрымбетовтің пікірі. 

"Төтенше жағдай кезінде тағайындалған 42 500 теңге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп жатыр. Қор бұдан бөлек мүгедектерге, асыраушысынан айрылған адамдарға, жұмыссыздарға, бала күтімімен отырған әйелдерге, сонымен қатар әйелдердің жүктілігіне және босануына байланысты төлем тағайындайды. Мемлекеттік жәрдемақы төлеуге қатысты қаражатқа жауапты болғандықтан ол кісілер әрине, бұйрығы жоқ, ақысыз демалысқа шықпағандарға сұрау жасап, оны қайтаруды талап етеді", – деді министр. 

Сөз  төтенше жағдай кезінде жалдамалы қызметкерлерін ақысыз демалысқа шығармаса да, оларға 42 500 теңге тағайындау туралы өтініш берген жұмыс берушілерге қатысты болып отыр. 

Біржан Нұрымбетовтің мәлімдемесінен түсінгеніміз, жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардан мемлекеттік жәрдемақыны кері қайтару ісімен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры айналысады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу