42500 теңгені қайтару жолдары

4639

Жалған ақпарат беріп, алғандар жауапқа тартылады.

42500 теңгені қайтару жолдары

42 500 теңгенің жыры бітер емес. Аталған әлеуметтік төлемді енді алып, қуана берген халықты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдемесі дүр сілкіндірді. Ведомство төлем алғандардың табысынан айырылмағаны анықталса, олардың ҚР ҚК 190 және 195 баптары бойынша жауапқа тартылатынын хабарлады. Ал оған жеткізбей алған ақшасын қайтарамын деушілерге қайтару тетіктерін де ұсынды.

Азаматтар алғанын төменде көрсетілген реквизит бойынша қайтара алады:

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ
БСН: 160440007161
БСК: GCVPKZ2A
ЖСК: KZ67009SS00368609110
ТТК: 049

Halyk bank пен Kaspi bank-те шоттары бар азаматтар "Әлеуметтік төлемдерді қайтару" тетігін таңдай отырып, 42500 теңгені банктердің ұялы қосымшасы арқылы кері қайтара алады.

Еңбек министрі Біржан Нұрымбетовтың мәлімдеуінше, ел азаматтары 42 500 теңгені үкіметті алдап алдым ба, жоқ па деген сұрақты өздері үшін шешіп алуы керек.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу