43 жоба қаржыландырылады

1230

43 жоба қаржыландырылады

2016-2017 жылдары аға және кіші  ғылыми қызметкерлер тобы үшін гранттық бағдарлама аясында 43 жоба қаржыландыруға іріктеліп алынған, деп хабарлайды ortcom.kz

ҚР білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсіловтың сөзінше, бірінші компонентті іске асыру шеңберінде 2016-2017 жылы аға және кіші  ғылыми қызметкерлер тобы үшін гранттық бағдарламаның 2 раунды өткізіліп, соның нәтижесінде 43 кіші жоба қаржыландыруға іріктеліп алынған.

"Жобаның екінші компоненті бойынша биыл 6 қыркүйекте "Өндірістік секторының консорциумы" гранттық бағдарламасына байқау жарияланды, оның мақсаты өнеркәсіптің жүйелік міндеттерін шешетін технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындардың арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету және консорциумдар құру. Осы жылы 20 қазанында байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталып, 45 өтінім берілді, оның ішінде ғылыми ынтымақтастық орталықтарын құруға – 17, технологиялық консорциумдар – 28", – деді ҚР білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу