43 мыңнан аса талапкер магистратураға түсу үшін тест тапсырды

440

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

43 мыңнан аса талапкер магистратураға түсу үшін тест тапсырды Фото: gov.kz

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 44%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинады. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 75 балл, бейінді бағыт бойынша 23 балл болды. Ең жоғары балл – 138, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тестілеу басталғалы 67 түсушінің нәтижесі жойылған. Оның ішінде 49 түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 18 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляция беруге болады. Тестіленуші емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция 7 жұмыс күні ішінде қарастырылады, одан соң сертификат түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 61 мыңнан астам өтініш келіп түсті. 11 мыңға жуық грант бөлінді.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі резидентураға тапсырудың тәртібін түсіндірді. 2026 жылы резидентураға қабылдау алғаш рет бірыңғай электрондық платформа арқылы жүзеге асырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу