43 жастағы жетісулық ана оныншы перзентін өмірге әкелді

309

Көп балалы ана Жасия Жанатбек жолдасы екеуі 7 қыз, 3 ұл өсіріп отыр.  

43 жастағы жетісулық ана оныншы перзентін өмірге әкелді Фото: gov.kz

Бұл туралы Сарқан ауданының әкімдігі хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдар мени Жасия Сарқан қаласында 15 жылдан бері тұрады.10 бала тәрбиелеп отырған отбасының кенже қызы Ясмин жуырда өмірге келді. Ананың оныншы перзентін өмірге әкелуге Сарқан аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері көмектесті.

"Жасия Жанатбек 1980 жылғы азаматша. Жалпы жүктілік мерзімі қалыпты өтті, оған әйелдің өз көңіл күйін жақсы ұстауы да әсер етеді. Көрсетіліміне байланысты 4 ақпанда кесарь тілігі жасалды. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Бүгін оларды үйіне шығардық. Біздің аурухана үшін оныншы перзентін босандырып алу - сирек құбылыс", - дейді аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің меңгерушісі Ғалия Менисова.

Отбасының тұңғышы Хахида 23 жаста, қазір оның өзі отау құрып, екі баланың анасы атанып үлгерген. Екінші қызы Роза 19 жаста, студент. Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курсында оқиды. Ұлжан, Ұлыхан, Жамбыл мен Айтөре – әлі оқушы, кішілері егіз Имран мен Ясин үш жаста.

Жасия Жанатбек "Күміс алқа", "Алтын алқамен" наградталған. Жолдасы Бағдар мал шаруашылығымен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу