banner

444,9 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

427

Биыл осы мақсатқа бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.  

444,9 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды Фото: turaninfo.kz

1 наурыздағы жағдай бойынша 84,7 мың отбасындағы 444,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қоса алғанда әр балаға 1,5 АЕК (2023 жылы – 5 175 теңге) мөлшерінде қосымша төлем түрінде заттай түрден монетизацияланған көмек форматына ауыстырылды.

Осы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 134,1 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу