464 мың жеке тұлға декларация тапсырды

1185

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және осы санаттағы азаматтардың жұбайлары декларация тапсырып жатыр. 

464 мың жеке тұлға декларация тапсырды

Жалпыға бірдей декларация көлеңкелі экономиканың алдын алып, бюджетке түсетін салық түсімін арттырады және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қаржы министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Министрліктің баспасөз қызметінің дерегінше, жалпыға бірдей декларациялау барысында бүгінге дейін 464 мың жеке тұлға кірісі мен мүлкі туралы мәліметті жария етті. Бұл – жоспарланған санның 97%-ы. 

"Ұсынылған декларацияның жалпы санының 99,9% – электронды, 0,1%-ы – қағаз түрінде тапсырылды. Декларацияны электронды түрде тапсыру 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Оны электронды үкімет порталы, салық төлеушінің жеке кабинеті немесе "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады", – деп жазды қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу