Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ынтымақтастыққа дайын

974

Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ынтымақтастыққа дайын

Польша Республикасының президенті Анджей Дуданың 6-8 қыркүйекте Астана қаласына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан мен Польша мемлекеттерінің басшылары қол жеткізген уағдаластықтарына сәйкес, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Варшавада БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шеңберінде екі ел арасындағы өзара әрекеттестік бойынша екіжақты сыртқы істер министрліктер арасындағы консультациялар өткізілді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық делегацияны ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, ал поляк делегацияны ПР сыртқы істер министрінің орынбасары Йоана Вронецка басқарды.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат поляк әріптестерін БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде Қазақстанның басымдықтары туралы хабардар етіп, 2018 жылғы қаңтардағы төрағалық ету кезеңіндегі Қазақстан Республикасының жоспарларымен бөлісті.

Өз кезегінде, Й.Вронецка БҰҰ-ның негізгі органында еліміздің тәжірибесін қабылдаудағы қызығушылығын білдіріп, 2018-2019 жылдары БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігі кезеңінде Польшаның басымдықтарымен танысты.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы көпжақты санатындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыс, Африка, Ауғанстан, Украинадағы жағдай, сондай-ақ ядролық қаруларды таратпау, БҰҰ реформасы, қақтығыстарды болдырмау және т.б. мәселелері бойынша пікір алмасты.

Бұдан басқа, ҚР СІМ делегациясының сапары барысында Польша Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Павел Солохпен кездесу өтті. Оның үстінде БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіндегі екі елдің арасындағы одан әрі тығыз ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу