"5-10-20" бағдарламасының екінші кезеңіне қатысуға құжаттар қабылданып жатыр

1095

ТҚЖБ 2015 жылдан кейін кезекке тұрғандар өтінішін 10 қазаннан кейін қабылдауы мүмкін.  

"5-10-20"  бағдарламасының екінші кезеңіне қатысуға құжаттар қабылданып жатыр

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаев баспанаға мұқтаж жандар үшін тұрғын үйдің қол жетімділігін арттыру мақсатында қандай іс-шаралар қолға алынып жатқаны жайлы айтты.

"5-10-20 бағдарламасының екінші кезеңіне 17 қыркүйектен 16 қазанға дейін 2011 жыл мен 2015 жыл аралығында кезекке тұрғандардан өтініш қабылдап жатырмыз. Ал 10 қазаннан кейін деректерді талдау негізінде 2015 жылдан кейін кезекке тұрғандардан өтінішті қабылдай бастаймыз деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, тіпті кеңес заманында үй алуға кезекке тұрғандардың көпшілігі қазір зейнет жасында. Олардың көпшілігі сатып алуға болмайтын, жалдауға берілетін баспананы алуға үміттенген. 2000 жылға қарай адамдар жеңілдікпен баспана алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде белсенді түрде қаражат жинай бастады", – деді Жансұлтан Матаев.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу