5,5%-дық инфляцияда Қазақстандағы күнкөріс минимумы бір жылда 12,4%-ға артты

2001

Ең жоғарғы күнкөріс минимумы Маңғыстау облысында – 39,5 мың теңге, ал ең төменгісі Павлодар облысында – 28,3 мың теңге.  

5,5%-дық инфляцияда Қазақстандағы күнкөріс минимумы бір жылда 12,4%-ға артты

Осы жылдың қазан айында еліміздегі күнкөріс минимумының мөлшері 32,2 мың теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 12,4%-ға артық. Ал биыл азық-түлік және қызмет көрсету бағасы 5,5%-ға өскен, деп хабарлайды Finprom.kz. 

13 жасқа дейінгі балалар үшін күнкөріс минимумы  - 28,1 мың теңге, 18 жастан асқан ер адамдардыкі – 37,8 мың теңге, ал 18 жастан асқан әйелдердікі – 30 мың теңге болса, зейнеткерлердікі – 29,8 мың теңге. 
Нұр-Сұлтан қаласындағы күнкөріс минимумы - 37,2 мың теңге, ал Алматыда - 35,5 мың теңге. Бұл қалалар осы көрсеткіш бойынша Маңғыстау облысынан кейін екінші және үшінші орындарда. 

Ал одан кейінгі орындарда Алматы және Атырау облыстары. Бұндағы күнкөріс минимумы - 32,3 мың теңге және 32,3 мың теңге. 

Ең төменгі көрсеткіштер Павлодар (28,3 мың теңге), Батыс Қазақстан (28,9 мың теңге) және Қызылорда облыстарында (29,4 мың теңге). 

Күнкөріс минимумының 17,8 мың теңгесі азық-түліктің, ал 14,5 мың теңгесі азық-түліктік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің үлесіне тиесілі.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу