5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

1217

Қар аралас жаңбыр жауып және күн суытады. 

5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Суық атмосфералық фронттармен белсенді циклон еліміздің батыс, орталық және солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуіне, жауын-шашын, екпінді жел, кей жерлерде бұрқасынның болуына ықпал етті.

Қазақстанның оңтүстігінде де күн суытып, жаңбыр және қар түрінде жауын-шашынның жаууы басталды. Алдағы тәулікте циклонның шығыс бағытта жылжуымен республиканың оңтүстік-шығыс және шығысында жауын-шашын – жаңбыр, қар, екпінді жел күтіледі.

Сондықтан Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы 0 ден төмен болады, солтүстік жартысында түнде минус 2…10°С, оңтүстігінде 0…8°С, бұл көрсеткіш орташа көпжылдық нормадан 3…6°С төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу