5-7 жылда Кіші Арал құрғап кетуі мүмкін – сенатор

1036

Ондағы судың деңгейі жыл сайын азайып барады. 

5-7 жылда Кіші Арал құрғап кетуі мүмкін – сенатор

Сенат депутат Мұрат Бақтиярұлы Арал теңізінің солтүстігіндегі Кіші Аралда су деңгейінің төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Сенатор бүгінде Кіші Аралдағы су көлемі 22 млрд текше метр екенін жеткізді. Ал ондағы судың деңгейі өткен жылдарға қарағанда 5 млрд текше метрге азайған. 

"Кіші Аралға құятын Сырдария өзенінің суын пайдаланудың қазіргі қарқыны сақталар болса, алдағы 5-7 жылда теңіздің солтүстігі құрғаққа айналып, экологиялық апатқа ұшырауы мүмкін",  дейді Мұрат Бақтиярұлы.

Депутат солтүстік Арал теңізін сақтап қалу үшін кешенді шаралар қабылдау керек деген пікірде. 

"Осыдан 17 жыл бұрын қабылданған еліміздегі су ресурстарын басқару заңы қазіргі талаптарға жауап бере алмайды. Сондықтан суды пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалып, су нысандарымен байланысты табиғи экожүйелерді сақтап, суды үнемдеуге ынталандыру үшін тұтыну саласындағы тарифтерді қайта қарау керек. Озық технологияларды да енгізу қажет", – деді Мұрат Бақтиярұлы.

Сонымен қатар сенатор көрші мемлекеттермен су дипломатиясын белсенді жүргізу керегін атап өтті.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу