5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

808

Сот 20 желтоқсанға дейін санкция берді.

5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін прокуратура Игорь Дужновты күзетпен ұстау мерзімін 20 желтоқсанға дейін ұзарту туралы өтініш білдірген. 

"12 қарашада прокуратураның өтініші тергеу сотының қаулысымен қанағаттандырылды. Игорь Дужновқа қатысты күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін, яғни 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция берілді", – деп хабарлады Алматы қалалық соты. 

Еске сала кетсек, 20 қыркүйек күні кешкі сағат 17:20-да "Ақбұлақ" ықшам ауданында жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі – 1967 жылы туған Д. есімді азамат оқ атты. Оқиға салдарынан 5 адам қаза тапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу