5 айда Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 750 долларға жетті

889

2021 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан мен АҚШ сауда айналымы шамамен 750 млн доллар болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.  

5 айда Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 750 долларға жетті

Ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов АҚШ сауда өкілі Кэтрин Таймен келіссөз жүргізген. Қос тарап екі ел арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететін бірқатар мәселені талқылады.

Министр Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2020 жылы 1,7 млрд доллар болғанын атап өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,9%-ға (2,2 млрд доллар) төмен. 

2021 жылғы 5 айда қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 0,2%-ға өсіп, 749,8 млн долларға жетті.

Келіссөздер барысында сауда және интеграция министрі Джексон-Вэниктің Қазақстанға қатысты түзетуін жоюға қатысты мәселені атап өтіп, АҚШ президенті әкімшілігі тарапынан аталған мәселені
шешуге көмек көрсетуді сұрады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу