5 айда Қазақстанда жұмыссыздардың саны артқан

1137

Бұл Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер арасында жоғары көрсеткіш болып саналады. 

5 айда Қазақстанда жұмыссыздардың саны артқан

2021 жылғы 5 айда елімізде жұмыссыздар саны 38%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтына сілтеме жасап. 

5 айда Қазақстан ЕАЭО-дағы жұмыссыздар саны бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен. Одаққа мүше мемлекеттердегі жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер санының жалпы көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,5%-ға төмендеген. Ал елімізде олардың саны керісінше 38%-ға өскен. 

Еуразиялық экономикалық комиссияның дерігінше, 2021 жылғы мамырдың соңында ЕАЭО-ға мүше елдер арасында тек 2 мемлекетте жұмыссыздар саны азайған.

Ресейде жұмыспен қамту орталықтары арқылы белсенді жұмыс іздейтіндер саны 1,3 млн-нан асқан. Бұл өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 37%-ға аз. ЕАЭО-дағы халқы ең көп 
Ресей Федерациясы жұмыссыздықтың жалпы одақтағы көрсеткішіне айтарлықтай оң әсерін тигізген.

Беларусьте ресми түрде жұмыссыздар саны аз: 8,5 мың адам (өткен жылмен салыстырғанда минус 17%).

ЕАЭО-ға мүше 3 мемлекетте жұмыссыздар саны артқан. Армения мен Қырғызстанда жұмысқа орналасқысы келетіндердің саны 2% және 3,5%-ға өскен. Ал Қазақстанда ең жоғары динамика тіркелген: 222,7 мың адам немесе плюс 38,1%. 

Мұндай тенденция өткен жылдың қыркүйегінен бастап тіркеліп отыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу