5 кісілік отбасынан тек 8 айлық сәби аман қалды

983

Хатайдағы жер сілкінісі кезінде бес кісілік отбасынан тек 8 айлық Өмер Аднан құтқарылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.  

5 кісілік отбасынан тек 8 айлық сәби аман қалды Фото: Google

Зілзаладан аман қалғандар көңілге қуаныш сыйлағанымен олардың бастан өткергендері жүректерді елжіретеді. Хатай қаласындағы апаттан 20 мыңнан астам адам қаза тапты. Соның арасында Өмер Аднанның да отбасы бар. Тәтті ұйқыда жатқан 8 айлық сәби таңертең оянғанда отбасынан жырақта қалатынын қайдан білсін. Жер сілкінісі кішкентай Өмерді ата-анасы мен бауырларынан айырды. Оны еріктілер 3 күн өткен соң 10 сағат ішінде құтқарды. Медицина қызметкерлері бірден ауруханаға апарды. Ал жақындарын құтқару мүмкін болмады.  Анасы 10 жыл бойы қатерлі ісікпен күресіп келген. Дәрігерлердің 3 айлық өмірің қалды деген ескертуіне қарамастан Өмерді дүниеге әкеледі. Алайда сәбиінің тәй-тәй басқан қадамын да көре алмай кетті.  

Қазір Өмер туыстарының жанында. Оған бұдан былай әкесінің бауырлары бас көз болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу