5 мың адамды Қазақстанға заңсыз кіргізген көші-қон схемасы әшкереленді

99

Қылмыстық іс сотқа жолданды. 

5 мың адамды Қазақстанға заңсыз кіргізген көші-қон схемасы әшкереленді Фото: el.kz

Көлік прокуратурасының бастамасымен шетелдіктердің Қазақстанда болуын заңсыз заңдастыруға көмектескен топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орталық Азия елдерінің 5 мыңнан астам азаматы ақшалай сыйақы үшін жұмысқа рұқсат, уақытша тұруды тіркеу және елде болу мерзімін ұзарту қызметтерін алған. 

Қылмыстық схемаға Көші-қон қызметінің, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Астана қаласындағы филиалының қызметкерлері және заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар басқа да тұлғалар кірген. 

Күдіктілердің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша сараланады:

366-бап (пара алу), 367-бап (пара беру), 368-бап (парақорлыққа делдал болу), 394-бап (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру), 190-бап (алаяқтық). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу