5 мыңнан астам кәсіпкер фискалдық чек бермегені үшін жауапқа тартылды

628

Жыл басынан бері 5 мыңнан астам отандық кәсіпкер фискалдық чек бермегені үшін жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Аtameken Business.       

5 мыңнан астам кәсіпкер фискалдық чек бермегені үшін жауапқа тартылды

Мұндай мәліметті салаға жауапты мемлекеттік кірістер комитеті таратты.  Нақтырақ айтсақ, қаңтардың бірі мен қарашаның 13-і аралығында 5120 бизнесменге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Салықтан сауда-саттық және қоғамдық тамақтану салаларындағы кәсіпкерлер өзгесінен жиірек жалтарады екен. Фискалдық чектер көбіне шағын дүкендер мен дәмханалар да  берілмейді.

Ал аймақтар арасында ең көп  бұзушылық Алматы, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Фискалдық чек бермейтін бизнес өкілдері алдымен ескерту алады, ал олқылық қайта анықталса айыппұл арқалайды. Ескертуден сабақ алмаған отандық 305 кәсіпкерге тағайындалған айыппұл сомасы 10 млн теңгеге жуықтайды. Айта кетейік, экономиканы көлеңкеден шығару мақсатында мемлекеттік кірісітер комитеті мобильдік төлемдерді ақшалай есеп айырсуға теңестіруді ұсынып отыр. Сондай-ақ, аталған комитет сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп QR-кодттарды қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың баламалы құралы ретінде енгізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу