5 өңірдің халқы 24 пайызға азаюы мүмкін

1753

Сарапшылар халық саны азайып бара жатқан өңірлерді атады.

5 өңірдің халқы 24 пайызға азаюы мүмкін

Мамандардың айтуынша, 2050 жылға қарай бес өңірдің халқы жиынтық есеппен алғанда 1,3 млн адамға қысқаруы мүмкін. Олар: Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары, деп хабарлайды altaynews.kz.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, 30 жылдан кейін Қазақстан халқы 24 млн адамнан асады. Ресми мәліметтер бойынша, еліміздің халқының саны биылғы жылдың 1 шілдесінде 18,5 млн адамнан асып, жыл басынан бері 112 мыңнан астам адамға артты.

"Алайда халықтың өсімі біркелкі емес. 2050 жылға қарай бес өңірдің (Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары) халқы 1,3 млн адамға немесе 2018 жылға қарағанда 24%-ға күрт азаюы мүмкін. Тек бірінші жартыжылдықтың өзінде осы өңірлердің халқы 8,3 мың адамға қысқарды. Ал аймақтан қоныс аударғандар саны көшіп келгендер санынан 21,4 мың адамға артық болып шықты. Егер көші-қон құрылымында 20-30 жастағы азаматтар басым екенін ескерсек, табиғи өсім деңгейінің төмендеуі одан сайын жеделдеуі мүмкін", – дейді сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу