5 жыл ішінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,5%-ға төмендеді

393

2022 жылы елімізде өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1,5 мыңға жуық жұмысшы зардап шеккен. 

5 жыл ішінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,5%-ға төмендеді Фото: Қазалы

Соңғы 5 жылда еңбекті қорғау саласында мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған кешенді шаралардың нәтижесі өндірістік жарақаттану деңгейін 6,5%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Республиканың 2800 кәсіпорны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, өндірістегі жазатайым оқиғалар жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулармен қатар өлім-жітімнің ең көп таралған үш себебінің біріне жатады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің дерегі бойынша былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 1465 қызметкер зардап шеккен. Олардың ішінде 202 адам қаза тапты.

2022 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2021 жылдың деңгейде сақталды. 2022 жылы 1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі 0,22-ні құраған.

Жарақаттанудың жоғары деңгейі елдің өнеркәсіптік аймақтарында сақталып жатыр.

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында (16,2%) және құрылыс саласында (15%) тіркелген.

Ресурстың жазуынша, соңғы жылдары өндірісте жарақаттанудың төмендеуі байқалып отыр. Мысалы, 2019-2022 жылдары өндірісте зардап шеккендердің орташа саны 1463,8 адам болса, ал 2015-2018 жылдары – 1663 адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу