5 жылда аграрлық жобаларға 4 трлн теңге жұмсалады – Асқар Мамин

767

Үкімет басшысы Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау облыстарындағы жағдайды сынады.

5 жылда аграрлық жобаларға 4 трлн теңге жұмсалады – Асқар Мамин

Үкімет алдағы 5 жылда ауылдарда 500 мың жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің отырысында азық-түлік бағасын шамасынша тұрақты ұстаған өңірлер мен бассыз жіберген облыстарды атады. 

"Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемін 1,3 есе ұлғайту керек. Бұл ретте 2023 жылға қарай ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік нарығы отандық өніммен 100 пайыз молықтырылады. Әкімдердің негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыруын бақылауға алу, өңірлерде тұрақтандыру қорларын құру тәсілдерін қайта қарау, азық-түлікті форфардтық сатып алу механизмдерін кеңінен пайдалануға назар аудару қажет деп санаймын. Осы бағытта ШҚО, Ақмола Қызылорда облыстарында тиімді жұмыс ұйымдастырылған. Бұл өңірлерде бағалардың ең төмен өсімі байқалады. Сонымен бірге Қостанай, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында бағалардың ең жоғары өсуі тіркелді", - деген Үкімет басшысы алдағы 5 жылда аграрлық салаға бағытталған инвестициялық жобаларға 4 трлн теңге жұмсалатынын айтты. 

"Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін 4 трлн теңгеден астам сомаға 400-ге жуық инвестициялық жобаны кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланған осы бес жылдың ішінде. Бұл ауылдық елдімекендерде 500 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", - деді Асқар Мамин.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу