5 жылда бюджетке 2,6 трлн теңге түседі

621

2016 жылдан бері бақылау және қадағалау арқылы ішкі айналымдағы 30 млрд  теңгеден астам қаржының контрафактілік тауары анықталды. 

5 жылда бюджетке 2,6 трлн теңге түседі

Үкімет отырысында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің басымдықтары жайлы баяндама жасағанда сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді. 

"Алдағы уақытта қолданысқа шығынды тексеру шараларының орнына нарықты тазартатын тиімді жүйе енгізіледі. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың кешенді жүйесін енгізу болжамға сәйкес 5 жылдың ішінде бюджетке 2,6 трлн теңге түсіреді", – деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің мәлімдеуінше, тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі халқымыздың денсаулығына теріс әсер ететін тауарларға тыйым салады, бизнеске тең жағдай жасайды, тауарлардың сапасы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді сонымен қатар бюджетке аударылатын салық түсімін арттырады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу