5 жылдан аса Қырғызстанның "екінші адамы" болған Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылды

Оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров қол қойған. 

5 жылдан аса Қырғызстанның "екінші адамы" болған Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылды Фото: 24.kg

24.kg сайтының жазуынша, ол Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылдың 16 қазанында тағайындалған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, бүгін Министрлер кабинетінің төраға орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Қамшыбек Тәшиев қызметінен кетті. 

Ол осыған дейін Қырғызстан парламентінің депутаты да болды, бірқатар оппозициялық қозғалысқа жетекшілік еткені де бар. Әртүрлі кезеңде билікпен ашық текетірес жасап та есте қалды. 

Қызмет атқарған жылдарда шекара қауіпсіздігі, қылмысқа қарсы күрес, және жемқорлыққа қарсы науқандарда белсенді болды. Оның бастамалары кей кездерде қоғамды қақ жарды.

Жақтастары Тәшиевті әрдайым қолдауды. Ол көрші ел тарихындағы елеулі із қалдырған тұлға саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу