500 млн теңгелік инвестициялық жобаға кедергі болған мәселе шешілді

337

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлім етті.  

500 млн теңгелік инвестициялық жобаға кедергі болған мәселе шешілді Фото: dv-consulting.ru

Қосшы қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, жаңа бизнес нысанын салып жатқан "Бабалиев" ЖК-нің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Жалпы құны 500 млн теңгені құрайтын жоба аясында 30 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Алайда инвестордың нысанын электр желілеріне қосу мәселесі ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келген.

Мәселені жедел реттеу үшін прокуратура "АРЭК" АҚ мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуін ұйымдастырды. Талқылау қорытындысында уәкілетті органдар қажетті техникалық шешім қабылдап, рұқсат құжаттарын жедел рәсімдеген.

Нәтижесінде инвестордың нысаны электрмен жабдықтау жүйесіне толық қосылып, жобаны іске асыруға мүмкіндік жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу