54 миллион теңгенің темекі өнімдерін заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

703

Әлемде жыл сайын шамамен 400 миллиард заңсыз темекі сатылады. Темекі өнімінің заңсыз нарығының әлемдік ауқымы көлеңкелі сектордың дамуына ықпал етіп қана қоймай, тұтастай алғанда экономиканы күйретеді.

54 миллион теңгенің темекі өнімдерін заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Семей қаласында темекі өнімін заңсыз өткізуді анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Іс фигуранттарына тиесілі сауда орындарында, қоймаларда, автомашиналарда жүргізілген тінту нәтижесінде түрлі атаудағы акциздік маркаларсыз 116 мыңнан астам темекі алып қойылды. Жүргізілген сараптамаға сәйкес темекі өнімінің құны 54 миллион теңгеге бағаланады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу