568 кәсіпорынның жұмысшылар алдындағы қарызы 3 млрд теңгеден асқан

618

Осы кәсіпорындарға 85,5 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

568 кәсіпорынның жұмысшылар алдындағы қарызы 3 млрд теңгеден асқан

Жыл басынан бері 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 568 кәсіпорнында 14,2 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 223,9 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 505 нұсқама беріліп, 85,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, кәсіпорындар 2 млрд 850 млн теңге қарызын төлеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу