57 отандық колледждің 133 мамандық бойынша лицензиялары жойылды

498

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жыл басынан бері 57 отандық колледж 133 мамандық пен 164 біліктілік бойынша лицензияларға қосымшаларды қайтарғандығын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

57 отандық колледждің 133 мамандық бойынша лицензиялары жойылды Фото: almaty tv

Ведомство ақпаратына сәйкес, оқытуы сапа стандарттарына сәйкес келмейтін, кадрлар даярлауға жағдай жасалмаған немесе нарықта сұранысқа ие емес мамандықтар бойынша лицензиялардың күші жойылды.

Сонымен қатар колледждер білім беру ұйымының бейініне сәйкес келмейтін мамандықтар бойынша лицензияларды қайтарған көрінеді. 

"Мысалы, педагогикалық колледжде заңгерлерді, ал экономикалық колледжде мұғалімдерді даярлауға лицензияның қосымшасы болған. Сондай-ақ кейбір колледждер қажетті оқу құралдарынсыз мамандар дайындап келген", - деп жазылған хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуеновтың айтуынша, ведомство колледждердің профилі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. 

"Кадрларды даярлау үшін жағдайлар жоқ бейінді емес мамандықтардың лицензияларын қайтару ТжКБ ұйымдарына "сұранысқа ие" және бейінді мамандықтарға назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру үшін қажет. Білім алуға қажетті жағдай жасалмаған, құрал-жабдықтар, шеберханалар, мұғалімдер мен оқытушылар жоқ колледждерде мамандықтарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу