58 мектепте мүлде интернет жоқ

983

Мәжіліс депутаттарының айтуынша, елдегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан білім алу мәселесі тағы да өзекті болып отыр. Бірақ интернетке айтылар сын бар. "Күнделік", "OnlineMektep", "Mektep.edu", "Bilimal", "Daryn Online" сынды платформалар қолжетімсіз.

58 мектепте мүлде интернет жоқ

"Nur Otan" партиясы фракциясының мүшелері Білім және ғылым министрінің атына депутаттық сауал жолдады.

"Бүгінгі таңда 7 550 мектептің 58-інде мүлде интернет қосылмаған. 192 мектепте интернет жылдамдығының төмендігі сонша, қарапайым сайтты іске қосып, интерактивті сервисті жүктеу мүмкін емес. Бұдан бөлек, атап өтетін басты мәселе – ауыл және қала мектептеріндегі интернет сапасына байланысты бастапқы жоспарлау кезеңіндегі Министрліктің нормативті құжаттарында әртүрлі параметрлер белгіленгені. Назар аударғымыз келетіні – ауыл мектептері үшін интернет жылдамдығы қала мектептеріне қарғанда бірнеше есе төмен. Бұл білім беру ортасында цифрлық теңсіздікке алып келеді. Халықаралық стандарттар мен біздің ұлттық білім беру жүйемізді дамыту міндеттеріне сәйкес келмейді", – деді депутат Жұлдыз Сүлейменова.

Ол мынадай ұсыныстар айтты:

1) Бірыңғай білім беру онлайн-платформасына сапалы білім беру контентін интеграциялауды және әдіснамалық сүйемелдеу жұмыстары жалғастырылсын;
2) Ауыл мектептері және шағын жинақты мектептер үшін интернет сапасына қойылатын талаптар қайта қарастырылсын;
3) Цифрлық даму министрлігі және байланыс операторларымен бірлесіп, жаңа бағдарламалық өнімдердің талаптарын ескере отырып, байланыс арналары мен қолда бар жабдықтардың мүмкіндіктерін бағалау қайта қарастырылсын.
4) Педагогтер мен оқушылардың білім беру ортасында цифрлық теңсіздікті төмендетуге байланысты ведомствоаралық кешенді іс жоспар әзірленсін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу