6,3 миллиард теңге атқарылмаған жұмыс пен жоқ тауарларға төленген

928

Мемлекеттік сатып алу саласында жасалмаған жұмысқа ақы төлеу көбейген.

6,3 миллиард теңге атқарылмаған жұмыс пен жоқ тауарларға төленген

Электрондық мемлекеттік аудиттің нәтижесінде анықталған. Сондай-ақ, жұмыс кестесін сақтамай, уақыт созу арқылы құрылыс құнын бірнеше есе қымбаттату фактілері де жиі кездеседі. Картелдік келісімдер де ақша жымқырудың тиімді әдістердің бірі. Бұл індетпен қалай күресу керек? Бюджет қаражатының тиімсді жұмсалуын қалай қамтамасыз етеміз?

Биыл 6,3 миллиард теңге атқарылмаған жұмыс пен жоқ тауарларға төленген. Жалпы жыл басынан бері Ішкі мемлекеттік аудит комитеті анықтаған заң бұзушылықтардан келген шығын 22 миллиард теңгеден асады. Қылмыстардың ішіндегі ең қомақты сомаларға келсек. Мысалы, Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы 2 млрд теңгеге жуық қаржыға талапқа сай келмейтін пәтерлер мен әкімшілік ғимараттар сатып алған. Ал Семейдің Құрылыс басқармасы Қарағайлы ауданындағы салынбаған үйлерге 600 млн теңге, Атырау облысының Талғайран ауылында орнатылмаған қазандыққа 106 млрдтан теңге төленгені анықталды.

"Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Президент әкімшілігі мен Үкімет тапсырмаларымен қатар заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын да қарастыратын жалғыз орган. Мәселен, былтыр кеп түскен 72 мың шағымның 44 мыңы бойынша аудиторлық тексерістер жүргізілді. Бұл жүктемені азайту үшін тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген қашықтықтан талдау мен бюджетті тексерудің жаңа әдістерін қолданады. Яғни, арнайы бағдарлама жемқорлық белгілері бар тендерлерді анықтап береді", - деді ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Тәуекелдер басқармасының басшысы Олжас Нукаев.  

Қазақстанда шамамен 27 мың мемлекеттік бағдарлама әкімшісі мен 80 мыңға жуық өнім беруші бар. Олар жыл сайын 5,5 трлн. теңгеден астам бюджет қаражатына 2 млн.-ға жуық мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады. Бұл ақпараттың барлығын бақылауда ұстау мүмкін емес. Сондықтан жаңа тәсілдер қолдану керек. Ол үшін алдымен ашық дереккөздерден ақпарат іздеу, талдау және қылмыстық қудалау органдарының жұмысымен таныс мамандар керек, дейді 12 млрд теңгенің қылмысын ашқан белсенді Дидар Смағұлов.

"Бұл жұмыстарды біз осы кабинеттен шықпай анықтадық. Өйткені, бүкіл ақпарат болғанда сен оны анықтай аласың. Сондықтан мемлекет тарапынан осындай қолдау болса ақпарат ретінде, бөлісі, беру уақытында, сонда біз айына 100 млрд теңгені, жылына 1 трлн теңгені анықтауға дайынбыз. Және сол 1 трлн теңгеге кемінде 400 жаңа мектеп салуға болады", - деді "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу