banner

6 айда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 389 мың қызмет көрсетілген

790

Биыл 6 айда "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 389,1 мың қызмет көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

6 айда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 389 мың қызмет көрсетілген

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта МӘСҚ әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 389,1 мың қызмет көрсеткен, оның 139,3 мыңы электрондық түрде ұсынылған.

"Қызметтердің жартысына жуығы (46%) 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау болып саналады. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер бойынша 14 375 қызмет және жұмысынан айырылу бойынша 53 936 қызмет көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.

Мұнда еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдер бойынша қызметтердің 42,7% және жұмысынан айырылу бойынша 49% композитті форматта көрсетілген.

"Бүгінде цифрлық технологиялардың дамуымен қызмет алудың неғұрлым ыңғайлы тәсілі азаматтан өтініш талап етілмейтін проактивті форматта әлеуметтік төлемдерді тағайындау болып саналады. Қызметті проактивті форматта алу үшін алушы қандай да бір қызметті рәсімдеу туралы келген SMS-хабарламаға жауап беру қажет. 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта МӘСҚ 49,8 мың проактивті қызмет көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемді тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы жүгіне алады. Биыл бірінші жартыжылдықта электронды үкімет порталы арқылы 48,3 мың қызмет көрсетілген.

"Биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және адам жұмысынан айырылған кезде әлеуметтік төлем тағайындау үшін Электронды еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарына қызмет көрсету жобасын іске қосты. Enbek.kz порталы арқылы барлығы 8,6 мың адамға төлем тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу