"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-да мұнай өндіру көлемі 5,3%-ға төмендеді

1228

2021 жылғы қаңтар-маусымда "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ 2,891 млн тонна мұнай өндірген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-да мұнай өндіру көлемі 5,3%-ға төмендеді

2020 жылы осы кезеңде компания 3,053 млн тонна мұнай өндірген. Осылайша, осы жылғы бірінші жартыжылдықта көрсеткіш 5,3%-ға төмендеген. 

"Мұнай өндіру көлемінің азаюы 2020 жылғы 12 сәуірдегі ОПЕК+ Вена келісімімен байланысты", – деп атап өтті компания. 

Биыл "Маңғыстаумұнайгаз" 6 млн 50,452 тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6%-ға көп. 

Айта кетейік, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ 36 мұнай-газ кен орнына иелік етеді.  Оның 15-і игеріліп жатыр. Онда 120 млн 829 мың тонна мұнайдың қалдық қоры бар.

1996 жылы компания Қаламқас, Жетібай, Асар, Оңтүстік Жетібай, Шығыс Жетібай, Солтүстік Қарағия, Оймаша, Алатөбе, Бұрмаша, Айрантақыр, Бектұрлы, Придорожное, Солтүстік Аққар, Ащыағар, Атамбай кен орындарында көмірсутек шикізатын өндіру үшін 25 жыл мерзімге Үкіметтен лицензия алған еді.

Компания иелік ететін кен орындарындағы мұнайдың жалпы қоры – 960 млн тонна.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның негізгі акционері – Mangistau Investments B.V. (99 %). Бұл "ҚазМұнайГаз" АҚ (50 %) және қытайлық CNPC-дің (50%) бірлескен компаниясы. Сондай-ақ компанияның 1%-ы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ еңбек ұжымы мен басқа да заңды тұлғалардың иелегінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу