banner

6 ақпаннан бастап Жезқазғаннан Қарағандыға әуе рейстері ашылады

450

Ұшақтар аптасына 4 рет ұшатын болады. 

6 ақпаннан бастап Жезқазғаннан Қарағандыға әуе рейстері ашылады Фото: BaigeNews.kz

6 ақпаннан бастап QAZAQ AIR компаниясы Жезқазғаннан Қарағандыға дейін субсидияланған рейстерді ұшыра бастайды, деп жазады inbusiness.kz компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Рейстер дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері жаңа de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалады.

Дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері (жергілікті уақыт бойынша):

IQ 439 Жезқазған 11:10 – Қарағанды 12:10

IQ 440 Қарағанды 12:50 – Жезқазған 13:50.

Бейсенбі күндері:

IQ 439 Жезқазған 14:50 – Қарағанды 15:50

IQ 440 Қарағанды 16:30 – Жезқазған 17:30.

Ақпаратқа сәйкес, авиабилет құны 10 000 теңге болады деп көрсетілген.

"Бағаға 5 кг-ға дейін қол жүгі мен 20 кг-ға дейін багажды тасымалдау кіреді. Ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару тегін. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі", - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу