6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды

154

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ашық өрт пен қою түтінді анықтаған.  

6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ мәліметінше, өрт аумағы 102 шаршы метрді құраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өскемен қаласында Целинная көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының аумағында ыдыстағы дизель отыны мен пайдаланылған май жанып кетті.

"Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, жалынның таралуына жол бермеу шаралары қабылданды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан 4 оттегі және 2 газ баллонын шығарып, жарылыс қаупінің алдын алды", – делінген хабарламада.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу