6 млн 9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

658

Әлеуметтік кредиттік пәтер құрылысына қосымша 180 млрд теңге бөлінді. 

6 млн 9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 7 айдың қорытындысын жариялады. 

"Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында 106,3% құрады. Өсім өңірлерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта жаңғыртуға байланысты құрылыс көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етілді. 16 өңірде оң динамика байқалады", – деді министр.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, 7 айда 6 млн 9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,5% көп. 

"Республика бойынша барлығы 61 308 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы республиканың 15 өңірде тіркелді", – деді ол. 

Министрдің мәлімдеуінше, биыл "Нұрлы жер" мемлекетті бағдарламасы бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Өңірлерге сәуір айында 15 мың әлеуметтік кредиттік пәтер құрылысына қосымша 180 млрд теңге бөлінді. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу